Жаңалықтар

Сұмдық! Шымкентте 24 жастағы есірткі таратушы ұсталды

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және Еңбекші АПБ учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, есірткі таратушыларды анықтауға бағытталған іс-шараларды қарқынды жүргізіп жатыр, деп newsroom.kz хабарлайды otyrar.kz дереккөздерінн сүйене отырып.

Кезекті рейдтік шара барысында қаладағы көпқабатты үйлердің алдынан есірткі таратуға шыққан 24 жастағы жергілікті тұрғынды құрықтады.

Тексеру барысында аталған азаматтан есірткі заттары салынған жалпы 22 дана полиэтиленді орамалар тәркіленіп алынды. Ол бұл заттарды өзімен бірге алып жүрген.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат есірткінің синтетикалық түріне жататыны нақтыланып, жалпы салмағы 22 грамды құраған.

Ұсталған азамат аталған есірткі заттарын өткізу мақсатында Шымкент қаласындағы жасырын орындарға тығып кетпекші болған.

Бүгінде аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері есірткі заттарын өткізу үшін жасыру – аса ауыр санаттағы қылмыс ретінде сараланатынын ескертеді.

Фото: otyrar.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.