Жаңалықтар

Президенттікке кандидаттарды ұсыну ертең 18:00-де аяқталады

2022 жылдың 22 қарашасында кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Қоғамдық бірлестіктер атынан Президент сайлауына 5 үміткер ұсынылды, деп newsroom.kz хабарлайды.

Кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталған болатын. Науқан 19 күнге созылады. Атап айтқанда, 11 қазан күні 18:00-ге дейін.

Президенттікке кандидаттарды республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынады. Орталық сайлау комиссиясы 23 қыркүйек пен 21 қазан аралығында үміткерлердің Конституция мен сайлау заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді.

Осы уақыт ішінде Президент сайлауына 5 кандидат ұсынылды. Олар:

Жигули Дайрабаев — «Ауыл» партиясы атынан;

Нұрлан Әуесбаев — Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан;

Мейрам Қажыкен — «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» бірлестігі атынан;

Қасым-Жомарт Тоқаев — Халықтық коалиция атынан;

Қарақат Әбден — «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы» бірлестігі атынан.

Айта кетейік, ҚР Президенттігіне кандидаттардың әрқайсысы 118 000 қол жинауы керек. Үміткерлер үшін сайлау жарнасының мөлшері — 3 млн теңге.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.