ӘлемдеЖаңалықтар

Үндістанда бір айға жетпей ковидтен 116 дәрігер қайтыс болды

3
(2)

Үндістанда бір айға жетпейтін мерзімде коронавирустан 116 дәрігер қайтыс болды. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  Reuters  агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ал індет басталғалы көз жұмған ақ халатты жандардың қатары 900-ге жуықтады. Ковид-19-дың екінші толқыны елдегі медициналық жүйені тұралатып тастады. Ауруханалар науқастар нөпіріне төтеп бере алмай қалды. Әлі күнге дейін төсек, дәрі-дәрмек пен оттегі жетіспейді. Соңғы дерек бойынша індеттен 4 мыңнан астам адам ажал құшқан.

Сарапшылар «эпидахуалдың ушығуына үкімет кінәлі» дейді. Билік діни мейрамдар өткізу мен көп адамның жиналуына тосқауыл қоя алмаған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button