ӘлемдеЖаңалықтар

Қытай алғашқылардың бірі болып вакцинациялау төлқұжатын беретін бағдарламаны іске қосты

0
(0)

Қытай вакциналық төлқұжат беретін бағдарламаны іске қосқан әлемдегі алғашқы мемлекет болып тіркелді.

Бұл құжатты Қытайдың вакцина салғызған кез келген тұрғыны арнайы цифрлық платформадан жүктеп, шетелге саяхаттау кезінде ұсына алады. Мұндай төлқұжат енгізу туралы әлемнің көптеген мемлекеттерінде талқыланған болатын.

Бастаманы қолдаушылар бұл төлқұжат халықаралық шекараларды ашуға және жаһандық экономиканы тезірек қалпына келтіруге көмектесетініне сенімді. Алайда, төлқұжатқа қарсы адамдар мемлекеттің азаматты бақылауына мүмкіндік тудыратынын айтады.

«Болашақта вакцинация төлқұжатының қытайлық нұсқасы қауіпсіз туризмді дамытуға, әртүрлі ерлердің арасында қарым-өатынас орнатуға және қытай азаматтарының әлемді еркін саяхаттауына кепілдік болады», – дейді Қытай сыртқы істер министрлігі.

Сертификатта нуклеин қышқылы мен IgG антиденелеріне жүргізілген сынақтардың нәтижелері, сондай-ақ коронавирусқа қарсы вакцинацияның болуы немесе болмауы көрсетілген. Бұл ақпаратты кез келген шетелдік денсаулық сақтау ұйымының QR кодын сканерлеу арқылы ала алады. Қаласаңыз, сертификатты басып шығаруға да болады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button