ӘлемдеЖаңалықтар

Бішкекте халық жаңа конституцияға наразылық білдіріп жатыр

0
(0)

Қырғызстан астанасы Бішкекте халық конституцияға енгізілетін өзгерістерге қарсы наразылық білдірді. Олар парламенттің таратылуын талап етуде. «Ақ үй» маңында өткен митингке 50 шақты адам жиналған. Айта кетсек, наурыздың 3-де Жоғарғы Кеңес депутаттары Ата Заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын қабылдады. Алайда мамандардың хабарлауынша, дауыс беру барысында ережелер өрескел бұзылған. Митингке жиналғандар ел президенті Садыр Жапаровты жаңа Конституция арқылы билікті заңсыз басып алмақ деп айыптап, талаптар орындалмаса, шерулерді жалғастыратынын айтты.

Исхак Масалиев, митингке қатысушы: 

Былтыр қазанның 28-де парламенттің уәкілеттігі тоқтады. Сондықтан оның заңға өзгеріс енгізуге еш құқығы жоқ. Депутаттардың бұл әрекеті заңсыз. Біз жаңа Парламент құрамын жасақтауды аяқтау қажет деп ойлаймыз. Содан кейін ғана заң реформасы жүргізілуі тиіс.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button