Жаңалықтар

Ауа райы болжамы: 12 өңірде дабылды ескерту жарияланды

0
(0)

Наурыздың оны күні ауа райы құбылмалы болады. Солтүстікте бұрқасын, көктайғақ, оңтүстікте найзағай ойнайды, деп хабарлады «Қазгидромет».

12 өңірде дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Ақтөбе облысында тұман, көктайғақ және бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз 15-20 м/с шамасында.

Батыс Қазақстан облысында да дәл осындай ауа райы.

Павлодар облысында қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел жылдамдығы – 15-20 м/с.

Қызылорда облысында көктайғақ, жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.

Атырау облысында тұман, көктайғақ және жел болады.

Түркістан облысында таулы аймақтардажауын жауады. Жел жылдамдығы – 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз көктайғақ әрі тұман болады. Таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Ақмола облысында жауын-шашын болады. Тұман және көктайғақ.

Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын жүреді, тұман және көктайғақ болады.

Қарағанды облысында тұман, көктайғақ және бұрқасын.

Жамбыл облысында тұман болады. 10-11 наурызда көктайғақ, 10-12 наурызда желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қостанай облысында да дәл осындай ауа райы.

Өңірлердегі ауа райы

Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада дабылды ескерту жарияланды. Жел күшейіп, көктайғақ болады. Түнде: -11-13°C, күндіз: -1 – -3°C.

Алматыда күн бұлтты. Түнде 2+4°C, күндіз +13+15°C. Жел жылдамдығы –  2-7 м/с.

Шымкентте желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде +6+8°C, күндіз +9+11°C.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button