Жаңалықтар

Қазақстанда төтенше жағдайлар салдарынан 246 адам қайтыс болды

0
(0)

Қазақстанда жыл басынан бері төтенше жағдайлар салдарынан 246 адам ажал құшты. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

«Осы жылдың төтенше жағдайлар кезеңінде 246 адам көз жұмды. Олардың өліміне әртүрлі жағдай себеп болған. Былтыр жылу беру маусымы кезеңінде 222 адам мерт болған еді», – деді Ильин онлайн баспасөз мәслихатында.

Ол республика бойынша төтенше жағдайдан қаза болғандар мен зардап шеккендердің жалпы саны азайып жатқанын айтты. Дегенмен, кей өңірлерде – Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында төтенше жағдайлар саны артуда. Олардың дені өртпен байланысты. Мәселен, 2019-2020 жыл аралығында тұрғын үй секторында 5 мың өрт болған.

Солтүстік Қазақстанда өрттен бір отбасының төрт мүшесі көз жұмды

Жыл басынан бері 8900 төтенше жағдай тіркелді, оның 8 100-і – өрт.

10 мыңнан астам адамды құтқару жұмыстары жүргізіліп, 12 мыңнан астамы эвакуацияланған. Зардап шеккен 2 700 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close