Жаңалықтар

Мемлекет басшысына тікелей бағынатын үш меморган құрылды

2
(1)

Президет Қасым-Жомарт Тоқаевқа бағынатын үш меморган құрылды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Abai.kz сайтына сілтеме жасап.

Олар:

– Төтенше жағдайлар министрлігі,

– Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік,

– Бәсекені дамыту және қорғау агенттігі. 

Аталған мемлекеттік органдарды құру туралы Жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеше қол қойған.

Ол бойынша, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құрамына өзге министрліктердің құрамындағы құрылымдар берілетін болады.

Атап айтқанда, ҚР ІІМ-нің (төтенше жағдайлардың алдын алу және жою), ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (өндіріс қауіпсіздігі саласы саясатын жасау) және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің (мемлекеттік материалдық резервті жасау) бірқатар құрылымы өтеді.

Президент бұдан бөлек стратегиялық жоспарлау және реформалау бойынша агенттік құру жөнінде жарлық шығарды.

Ал бәсекені қорғау және дамыту агенттігіне ұлттық экономика министрлігіндегі бәсекелестік қорғау және монополияны шектеу саласындағы барлық басқару тетіктері беріледі.

Аталған екі агенттік және төтенше жағдайлар министрлігін құратыны жөнінде ел президенті 1 қыркүйектегі жолдауында айтқан. Тоқаев сол кезде: «Аталған агенттіктер тікелей президентке бағынады», деген. Сондай-ақ, Жолдауда мемлекеттік қызметкерлер екі жыл ішінде 25 процентке қысқаратыны айтылған.

Тоқаев ел мемлекеттік басқаруда «жаңа моделге» мұқтаж екенін мәлімдеп, мемлекеттік аппарат жүйесін қайта ретке келтіру қажеттігін атап өткен.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

bahis Casino Siteleri Baymavi Экскурсии в Мармарисе Аренда яхт в Бодруме Аренда яхт в Мармарисе Аренда яхт в Турции экскурсия памуккале дальян экскурсия эгейские острова мармарис остров клеопатры мармарис дайвинг в мармарисе турецкая ночь Scroll Up
Close