Жаңалықтар

2021 жылдан бастап құқық қорғау органдарына қызметке тұру талабы өзгереді

0
(0)

2021 жылдың қаңтар айынан «Құқық қорғау органдары туралы» заңға енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл өзгерістер негізінен ішкі істер органдарына қызметке қабылдау тәртібіне қатысты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа тәртіп бойынша ІІО-ына қатардағы, кіші және орта басшылық құрам лауазымдарына бастапқы кәсіби даярлау арқылы іріктеу тәртібі оңайланып, конкурсты және сынақ мерзімін алып тастау жолымен қызметке қабылдау мерзімі қысқарады. Сондай-ақ, ішкі істер органдарының басшыларына қойылатын талаптар да қатаңдатылды.

Қызметке қабылдаудың жаңа тәртібі ІІМ Кадр саясаты департаменті ұйымдастырған арнайы семинар барсында түсінідірілді. Бұл семинарға ІІО-ның өңірлік департаменттер басшыларының кадр саясатын жүргізетін орынбасарлары және ІІМ, ТЖК, ҚАЖК, МКҚБ білім ұйымдары басшыларының орынбасарлары, сондай-ақ кадр бөлімшелерінің жеке құрамы қатысты. ІІО-ына қызметке қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі.

Бірақ бұл тәртіп бастапқы кәсіптік даярлықтан өткендерге қолданылмайды.

«Қазіргі уақытта полиция жұртшылықпен тығыз өзара байланыс жасаудың жаңа форматына көшу қажет. Жаңа форматта көрсетілген талаптар әрбір полиция қызметкеріне тұрғындармен ашық әңгіме жүргізуге үйренуі міндетті екенін білдіреді. Кадрларды даярлау және іріктеу жүйесіндегі осындай ұстанымдарға басымдық берілуі тиіс», – деп атап өтті ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы Айдар Сайтбеков.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

bahis Casino Siteleri Baymavi Экскурсии в Мармарисе Аренда яхт в Бодруме Аренда яхт в Мармарисе Аренда яхт в Турции экскурсия памуккале дальян экскурсия эгейские острова мармарис остров клеопатры мармарис дайвинг в мармарисе турецкая ночь Scroll Up
Close