ЖаңалықтарЭкономика

Баламен үйде отырған ата-аналарға қаржылай көмек көрсетіле ме?

0
(0)

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов қашықтан оқыту форматына байланысты үйде балалармен отырған ата-аналарға қаржылай көмек беру мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте журналистер ата-аналарға қаржылай көмек беру мәселесін көтерді. Себебі олардың арасында үйде балалармен отырамыз деп, жұмыстан кеткен және табысынан айырылған азаматтар бар.

«Бүгінде қашықтан білім берудің олқылықтарына байланысты көптеген адамдар балаларына көмектесеміз деп, ақысыз демалыс алып, жұмыстан кетуге мәжбүр. Үкімет осы азаматтарға табыстың бір бөлігін болса да өтеуді қарастырып отырған жоқ па?», – деді тілшілер.

Премьер-министрдің орынбарасы Ералы Тоғжанов айтарлық проблема жоқ екенін айтты.

«Балалармен үйде отырған ата-аналар мәселесіне тоқталсақ, мен сонша үлкен проблема көріп отырған жоқпын. Себебі жұмыс істегісі келетін ата-аналар жұмысына емін-еркін бара алады. Балаларды кезекші сыныптарға беруге болады», – деп атап көрсетті Тоғжанов.

Осы орайда үкімет басшысының орынбасары 42 500 теңгені де еске алды. Ол кезде табысынан айырылған біраз адамға қаржылай көмек көрсетілді. Сондай-ақ, жұмысын тоқтатқан кәсіпорындарға да қолдау жасалды.

«Ал сұраққа қатысты айтарым, бүгінде мемлекет мүмкіндігінше барлық қолдау шараларын атқаруға тырысып келеді», – деп атап көрсетті Тоғжанов.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close