ЖаңалықтарҚоғам

Ақтөбеде соңғы кезде жігіттердің жоғалуы жиілеген

0
(0)

Ақтөбеде соңғы кезде әлеуметтік желі арқылы жақындарына іздеу салатындар көбейген. Әсіресе, отызға жетпеген жігіттердің жоғалу фактілері жиілепті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Жақындарын жоғалтқан жандарға еріктілер жәрдемдесуі қалыпты жағдайға айналды.

25 жастағы Самұрат Есетов тамыздың 25-і күні, күндіз жұмысқа кеткен. Бірақ содан бері үйіне оралмапты. Жақындары жауынан гөрі, досы көп жігіттің қайда екендігін білмей дал.

«Бұл бала ішімдікке әуестігі жоқ. Темекі тарпайды. Жат қылықтан аулақ. Жолдастарының арасында белсенді, беделді барлығының қамын ойлап жүреді. Осы баламды көрген-білгендер болса хабарласуын сұраймын», – деді анасы Жібек Мырзағалиева.

Жергілікті полицияның дерегінше жыл басталғалы Ақтөбеде 49 адам із-түзсіз жоғалған. Оның жартысынан көбі тепсе темір үзетін жастар. Арасында жүйке ауруымен ауыратын, ұмытшақ сынды дерті бар қариялар да бар. Еріктілер жас жігіттердің үйден кету себептері әртүрлі деп отыр.

Қазір өңірдегі барлық әлеуметтік желіде бес адамға іздеу салу қарқынды жүріп жатыр. Бірі жұмысқа, енді бірі дүкенге кетіп, оралмаған. Полицейлер жақындары жоғалған жағдайда дереу полицияға хабарласуды сұрайды.

Жалпы ел аумағында он үш мыңнан астам адам жоғалғандар қатарында. Ал статистика бойынша  жыл сайын 1000-1500-ге дейін адам із-түзсіз кетеді. Оның 20 пайызы балалар. Бір Ақтөбенің өзінде соңғы бес жылда мың жарымнан астамға іздеу жарияланған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

bahis Casino Siteleri Baymavi Экскурсии в Мармарисе Аренда яхт в Бодруме Аренда яхт в Мармарисе Аренда яхт в Турции экскурсия памуккале дальян экскурсия эгейские острова мармарис остров клеопатры мармарис дайвинг в мармарисе турецкая ночь Scroll Up
Close