Жаңалықтар

«Әбден ұрысты»: Әнші Бүркіт Аишаға үй-іші қарсы болғанын жайып салды

0
(0)

Қазақстандық эстраданың жарық жұлдызы Бүркіт сүйіктісімен қалай қосылғанын айтып берді. Ата-анасы бастапқыда ұлдарының Аишаға үйленуіне түбегейлі қарсы болған көрінеді.

Отбасы мүшелерінен ұрыс естіген әнші райынан қайтпай, ақыры ғашығын жар етіп алған, – деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі Nur.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Бүркіт Аишамен отбасын құрмақ болғанда үй-іші оған қарсылық білдіргенін жеткізді.
«Әрине, әкем қарсы болды. Басында әбден ұрысты. «Неге олай жасайсың, неге келіспейсің» деген сөздер естідім. Мен болсам «Әке, жасым 34-ке келді. Мен қазір сіздермен келісіп отыратын болсам, мен шал боламын. Сондықтан мен сүйген адамыма үйленемін» дедім. Осылай нақты шешімімді айтып, мінезімді көрсеттім. Сосын анам қолдау білдірді. «Қызыңды көрсет» деді. Содан кейін бір көргеннен анама ұнап, келісті ғой» , – деді әнші.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close