Жаңалықтар

Президент лотереялар туралы заңға өзгерістер енгізді

0
(0)

Ірі бизнес үшін 2 000 АЕК айыппұл салынып, әкімшілік құқық бұзушылықтың табысы тәркіленеді.

ҚР-ның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістерге қол қойды, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген ресми хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін,  ҚР-ның Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова:  «Ал бір жыл ішінде қайталанып жасалған заңсыз іс-әрекеттер үшін жеке тұлғаларға – 200 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 700 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 1 000 АЕК, ірі бизнес үшін 2 000 АЕК айыппұл салынып, әкімшілік құқық бұзушылықтың табысы тәркіленеді», – деп Сенат отырысында айтқан болатын.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close