Жаңалықтар

Дипломның түпнұсқасын тексеретін сервис іске қосылады

0
(0)

Елімізде дипломның түпнұсқасын тексеретін сервис іске қосылады. Бұл жайында Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев facebook желісіндегі парақшасында жазды.

– Менің жақында жариялаған жазбаларыма оқырмандар біршама қызық ұсыныстары мен пікірлерін қалдырған екен. Бүгін солардың кейбіріне тоқталып өткім келеді.

Жұмыс беруші дипломның түпнұсқасын онлайн тексере алуы үшін оны цифрлау ұсынылды. Бұл бағытта жұмыс жүргізілуде. Білім министрлігі қазір дипломдардың деректер базасын толықтырумен және өзекті етумен айналысуда. Дипломның түпнұсқасын тексеруге болатын сервисті осы жылдың соңына дейін іске қосуды жоспарлап отыр, – деп жазды министр.

Сондай-ақ  қазақстандықтар тарапынан еңбекке жарамсыздық парағын е-форматқа және декреттік төлемдерді тағайындауды проактивті тәсілге көшіру жайы да айтылған болатын. Апостильдеу мәселесі көтерілген. Бұл құжаттар да жақында цифрландырылатын болады.

– Біз бұл мәселені бұған дейін ведомствоаралық комиссияның отырыстарында көтердік. Жүкті әйелдердің ХҚКО-ға бармауы үшін, оларға декреттік төлемдерді проактивті форматта тағайындауды ұсындық. Кеше Денсаулық сақтау мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі әріптестерімізбен кездесіп, бұл қызмет түрін проактивті тәсілге көшіруді тездетуге келістік. Жақын уақытта нәтижесін айтамын.

Апостильдеу мәселесі де айтылды. Шетелдегі азаматтардан кейде апостиль басылған құжатты талап етіп жатады, ал ол тек Қазақстанда қағаз түрінде беріледі. Әділет министрлігінің құжаттарды онлайн режимде алуға мүмкіндік беретін е-апостильді әзірлеумен айналысып жатқанынан хабардармын. Әділет министрлігі е-апостильмен куәландыруға болатын алғашқы қызметтерді алдағы тамыз айында көрсете бастайды деп күтудеміз, – дейді. Одан өзге 3-ші тоқсанның соңына дейін басқа да қызмет түрлері үшін, соның ішінде жылжымайтын мүлікті тіркеу үшін төлемді QR арқылы жүргізу мүмкіндігін іске қосу тапсырылған.
Ақпарат: Massaget.kz порталынан

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close