Жаңалықтар

«Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес: Отандық және шетелдік сарапшылар бас қосты

Сарапшылар Орталық Азия елдері үшін сын-қатерлерлердің бар екендігін және олардың ортақ екендігін және өңір елдерінің ғылыми-сарапшылық әлеуетін біріктіру қажеттілігін атап өтті

Бүгін Діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институтының ұйымдастыруымен «Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес: Орталық Азия елдері үшін жаңа сын-қатерлер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Іс-шараға отандық және Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан республикаларының ғылыми-сарапшылық қауымдастығының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында «Қазақстанның халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің» төрағасы, діни экстремизм мен терроризм саласындағы сарапшы Қарин Ерлан Тынымбайұлы баяндама жасап, Орталық Азия елдерінің алдында тұрған заманауи міндеттерге тоқталды.

«Дін, құқық және саясат» Қырғызстанның тәуелсіз талдау орталығының директоры Маликов Қадыр Ауғанстандық ахуал аясындағы жаңа геосаяси жағдайға тоқталып, ықтимал қауіп-қатерлердің өзектілігін қарастырды. Арабаев А. атындағы қырғыз мемлекеттік  университетінің профессоры Турсунбай Бакир уулу Талибан ұйымының соңғы жиырма жылдық тәжірибесіне тоқталып, оған қатысты саяси, ғылыми ұғымдар мен категорияларды қайта зерделеу қажеттілігін атап өтті.

Аймақтық қауіптерді зерттеу орталығының  директоры Өбекстандық  Михайлов Виктор Владимирович «Талибан» қозғалысы билікке келгеннен кейін орын алған жағдайларға талдау жасады.

Сондай-ақ дөңгелек үстелге А.Сарым, А.Суханов, А.Сабдин, А.Избаиров, Б.Мырзаев, Д.Кенжетай, Ю.Шаповал, Е.Байдаров, А.Абдуазимов, С.Окилов, Ш.Ризоен және тағы басқа көрнекті саяси, қоғамдық сарапшылар мен ғылыми орта өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел нәтижесінде сарапшылар Орталық Азия елдері үшін сын-қатерлерлердің бар екендігін және олардың ортақ екендігін айта отырып, өңір елдерінің ғылыми-сарапшылық әлеуетін біріктіру қажеттілігін атап өтті.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.