Жаңалықтар

Екпе алмағандар қалай тексерілетіні анықталды

3
(2)

Елімізде вакцина алмағандарды тексеру басталады. Рейдтің қалай жүргізілетіні Премьер- орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен отырыста мақұлданды. Арнайы топтың екпе салдырмағандарды қалай анықтайды?Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасаған newsroom.kz. порталы  хабарлайды.

Қызметкерлер саны 50 адамнан асатын және вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар саны 60 проценттен төмен кәсіпорындардың тізімі әзірленеді. Ал жұмыс беруші мониторингтік топқа екпе алған және вакцинадан босатылғаны туралы құжаты бар қызметкерлердің толық тізімін ұсынуы міндетті. Өз кезегінде тексерушілер «Ашық»  қосымшасы арқылы олардың мәртебесін қарап, жұмыс беруші ұсынған қызметкерлер тізімімен салыстырады. Егер статусы «жасыл» емес қызметкер анықталса, одан вакцинасыз жұмыс орнында болу құқығын беретін анықтама сұратылады. Тексеріс нәтижесінде екпе алмаған қызметкерлердің жұмыс орнына негізсіз жіберіліп келгені анықталса, жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл алгоритмді Денсаулық сақтау министрлігі, бірқатар мүдделі мемлекеттік орган, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бірігіп әзірлеген.

 

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button