Жаңалықтар

Мәжіліс Төрағасы Венада

0
(0)

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин әлем елдеріндегі әріптестерімен кездесті. Австрия астанасы Венада Парламент спикерлерінің 5-ші дүниежүзілік конференциясына қатысқан Төменгі палата спикері көпжақты ынтымақтастықты нығайту, бейбітшілік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету тақырыбында сөз сөйледі. Ол сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей Біріккен ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне есеп беретін Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру бастамасын да тілге тиек етті. Бұл агенттік елімізге ғана емес, әлемге төнген биологиялық қауіп-қатерді болдырмауға септік етеді, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеп.

НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:  «Бүкіл әлемге тараған пандемия жағдайы, халықаралық әріптестік, бейбітшілік және қауіпсіздік сияқты басқа да көптеген мәселелер талқыланды. Осы форумға жиналған Парламент өкілдері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси реформаларына, саяси бастамаларына ерекше көңіл бөлді. Бұл әрине біздің қазақстандық даму жолымыз бүкіл әлем елдерінің назарында екенінің тағы бір көрсеткіші».
Венадағы конференцияны Парламентаралық одақ пен Австрия Парламенті Біріккен ұлттар ұйымымен бірлесіп ұйымдастырған. Әлемнің 90-нан астам елінің Парламент спикерлері жиналған жиында пандемиямен күресу және жаһанды жайлаған коронавирус індетінен кейін елді қалыпқа келтіру жөніндегі жаһандық шаралар талқыланды. Сонымен қатар климаттың өзгеруі, жалған ақпарат таратуға қарсы іс-қимыл,   гендерлік теңдік мәселелері де сөз болды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button