Жаңалықтар

Ауруханадағы өрімдей қыздың жұмбақ өліміне кім кінәлі?

0
(0)

Алматы облысында 16 жастағы қыз ауруханаға жатқаннан кейін бір аптадан соң көз жұмған. Туыстары ақ халаттылар Кристина Райхтың жағдайы мен ем-домы туралы бұған дейін тіс жармады деп отыр. Тіпті, өздерінің мүмкіндігі жетпегеннен кейін араға адвокат салып білуге де тырысыпты. Қара жамылған отбасы не дейді, дәрігерлердің жауабы қандай сюжеттен көрейік. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасында айтылды, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы.

Өз аяғымен үйінен шыққан Кристина Райхты туған-туыстары соңғы рет 30 тамыз күні көрген. Сол күні 16 жастағы бойжеткен екі жақты пневмониямен Іле аудандық орталық ауруханасына жатқызылыпты. Жақындарының сөзінше, содан кейін оның жағдайы мен қандай ем-дом жасап жатқандары жайлы дәрігерлер тіс жармаған. Тіпті, қандай да бір ақпарат сұраған кездерінде диагноздың өзін шатастырып, мардымды жауап бермепті.

ИРИНА КИРИЛЮК, МАРҚҰМНЫҢ ӘПКЕСІ: Мы уже начали просить АУДАРМА «Дәрігерлер күн сайын әртүрлі диагноздар айтқандықтан, біз қандай ем-дом жасап жатқанджары жайлы шағын көшірмені көрсетуді сұрадық. Баланың қандай күйде екенін біле алмадық. Ақ халаттылар оны бізге көрметуден түбегейлі бас тартты».

Өрімдей қыздың қанда йжағдайда жатқаны жайлынақты ақпарат болмағасын, туыстары адвокаттың көмегіне жүгінген. Ол болса аурухананың бас дәрігеріне жүгінбек болғанымен, еш нәтиже шықпапты Ал, 7 қыркүйек күні дәрігерлер қыздың жақынына хабарласып,  Кристинаның қайтыс болғанын естірткен. Ал мәйітханаға барған туыстары оның денесін көргенде шошыдық деп отыр.

ИРИНА КИРИЛЮК, МАРҚҰМНЫҢ ӘПКЕСІ: «Когда нам открыли ребёнка, АУДАРМА «Бізге баланы ашып көрсеткен кезде оның бүкіл беті көкпеңбек болып кеткенін байқадық. Мұрны мен  маңдайы, бәрі көгеріп кеткен».

Ал, Іле аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары ауруханаға түскен кезде  қызда коронавирустық инфекцияның белгілері бар пневмониядан бөлек, қосымшу аурулары, соның ішінде қант диабеті болғанын жеткізді. Ал, туған туыстарын не себепті кіргізбегендеріне былай деп жауап берді.

ЛЯЗИЗА СҮЛЕЙМЕНОВА, ІЛЕ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Науқас біздің стационарға 30 тамызда аса ауыр жағдайда жеткізілді. Консультация мен қосымша тексерулерден және компьютерлік томографиядан кейін, науқаста ишемиялық типтегі ми қан айналымының жедел бұзылуы және синус тромбозы бары анықталды. Барлық емдеу ҚР ДСМ хаттамаларына сәйкес жүргізілді. Ал, туыстарын кіргізбеген себебіміз, Кристина реанимацияда жатты. Онда бөге адамдардың кіруіне болмайды.

Белгілісі, Кристи на инсульт алған екен. Ал, тромбоз коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның әсерінен болуы мүмкін деген болжам бар. Алайда, өрімдей қыздың нақты неден қөз жұмғанын дәл қазір дөп басып айту қиын. Полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, қажетті сараптамалар тағайындалды. Ақ халаттылардың кінәсі бар-жоғы және өлімнің нақты себебі тергеу барысында анықталмақ.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button