ӘлемдеЖаңалықтар

Мәскеуде Әлия Молдағұлованың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

4.5
(11)

Мәскеудегі үйлердің біріне қазақтың қаһарман қызы, Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап

Бұл үй аты аңызға айналған мергеннің есімін иеленген көшенің бойында тұр. Бұл – Ресей астанасының Вешняки ауданындағы ең үлкен көше.

Елена Кац, Вешняки ауданының депутаты

Осы үйге ескерткіш тақта орнату туралы ұсыныс жасалған бетте бірнеше күннің ішінде 400-ден астам көршіден қол жиналды. Яғни, бәрі бірауыздан қолдады. Әсіресе, Әлия Молдағұлованың қазақ халқының қызы екенін ерекше атап өткеніміз жөн. Ол біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Осы естелікті ұрпағымызға табыстау үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз.

Жергілікті тұрғындардың көбі Әлия Молдағұлова атындағы мектептің түлектері. Осы гимназияда 1987 жылы батыр қыздың құрметіне арналған музей де ашылды. Мұражайдың негізін педагог Наталья Зайцева қалаған. Ол өмірінің саналы бөлігін қазақ қызының ерлік жолын сақтауға және насихаттауға арнады, мергендер мектебі туралы кітап шығарды, Әлияның рухына арнап жыр жазды.

Наталья Зайцева, Әлия Молдағұловаға арналған музейдің негізін қалаушы

Әлия – өмірімнің мәні. Атам соғыстан келгенде ол туралы ештеңе айтпады, тек өлер кезінде «қызым, қазақтар өте тамаша халық, адал, қазақтан досың болса, олар сені ешқашан далаға тастамайды» деді.

Қазір бұл ауданда бірнеше мектеп біріктіріліп жатыр. Әлияның есімін иеленген гимназия 1512-ші мектептің филиалына айналды. Жергілікті тұрғындар әкімшіліктен аталған оқу орнына Әлия Молдағұлованың атын беруді сұрап отыр.

Мәскеудегі тағы бір мектеп аты аңызға айналған қаһарман Бауыржан Момышұлының есімімен аталады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.5 / 5. Бағалар саны: 11

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button