COVID-19 vs QazaqstanАлматы облысыЖаңалықтар

Алматы облысында қашаннан бастап карантин шаралары күшейтіледі?

5
(1)

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Алматы облысының аумағында карантин режимі және кейбір шектеу шараларын күшейту туралы» жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды  Newsroom+ақпарат агенттігі.

Құжатқа сәйкес, 12 сәуірден бастап келесі шектеу шараларын енгізу жоспарланып отыр:

Бұған дейін қабылданған шаралардан басқа, қосымша:

– банкет залдары;

– театр, кинотеатрлар; – облысаралық/қалаларалық/ауданаралық тұрақты емес (туристік) автобустар (микроавтобус) тасымал қозғалысы,

– облысаралық (қалаларалық) ауданаралық тұрақты автобустар (микроавтобус) қозғалысы,

– спорттық шаралар, соның ішінде чемпионаттар, аудан, облыс және республикалық деңгейдегі жарыстар өткізуге,

– білім орталықтарынан басқа, спорттық, би, гимнастикалық және осыған ұқсас секциялар мен үйірмелер, – мәдениет нысандары (мұражайлар, Мәдениет үйлері, концерт залдары және т.б.),

– Құрылыс материалдары, ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын сатумен айналысатын нысандардан басқа, аумағы 2000 шаршы метрден көп, азық-түлік сатпайтын (бөлек тұрған) дүкендер қызметіне тыйым салынады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button