ӘлемдеЖаңалықтар

Парижде « ең үздік» қонақ үй тоналды

1
(1)

Парижде қаскөйлер ең үздік саналатын George V қонақ үйіне шабуыл жасап, 100 мың еуроға зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен. Бұл туралы Франс Пресс агенттігі хабарлайды. Қаруланған екі адам Елисей алаңында орналасқан қонақ үйге баса-көктеп кіріп, танымал компаниялардың зергерлік бұйымдары орналасқан сөрелерді сындырған. Қылмыскерлер оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір тергеу жүріп жатыр. Бұл қонақ үй осыдан 100 жыл бұрын салынған. 1990 жылғы жөндеу жұмыстарынан соң бірқатар басылым оны «әлемдегі ең үздік қонақ үй» деп атады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button