COVID-19 vs QazaqstanЖаңалықтар

ПТР тест оразаны бұза ма?

0
(0)

Бас мүфтидің орынбасары Ершат қажы Оңғар ораза кезінде коронавирус жұқтырып алған жағдайда дәрігерден кеңес алу қажеттігін мәлімдеді.

«Бақара» сүресінде ауырып қалған және жолда жүрген адамдар оразаны артынан ұстаса да болады деп жазылған. Сондықтан коронавируспен ауырып қалсаңыз, дәрігердің айтқанын бұлжытпай орындауыңыз қажет», – деді Оңғар орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Осы орайда наиб мүфти былтырғы оразаның қазасын өтеу тәртібін де түсіндірді.

«Егер былтырғы оразаның қазасын ұстап үлгермесеңіз, ешнәрсе етпейді. Биылғы оразаға ниет етіп, ауыз бекітуге болады. Бірақ ораза өткеннен кейін былтыр қаза болған күндерді өтеу керек», – деп түсіндірді Оңғар.

Оның айтуынша, ауыз бекіткеннен кейін вакцина салуға да, коронавирусқа қарсы ПТР-тест тапсыруға да болады.

«Шариғат ораза кезінде ине салуға рұқсат береді. Одан ораза бұзылмайды. Сол сияқты ПТР-тест оразаны бұзбайды. Өйткені тест құрғақ күйінде тамақтан және мұрын қуысынан алынады. Ішке қарай ешқандай дәрі, сұйықтық өтпейді», – деді наиб мүфти.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button