ӘлемдеЖаңалықтар

Шетелдік президенттердің бірінен коронавирус анықталды

0
(0)

Сирия президенті Башар Асад пен оның жұбайы Асма Асадтан коронавирус індеті анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, екеуінде аурудың белгілері байқалғанмен жағдайлары тұрақты. Қазір олар карантинде үй жағдайында ем қабылдап жатыр. Болжам бойынша 3 аптаға дейін оқшаулануы мүмкін.

Естеріңізде болса, Асма Асад 2018 жылы ісік ауруына шалдыққан болатын. Кейін денсаулығы жақсара бастаған. Айта кетейік, Сирияда 2020 жылдың қаңтарынан бастап күні бүгінге дейін шамамен 16 мыңға жуық адам коронавирус індетіне шалдықты. Науқастардың 1 мың 63-і осы кеселден көз жұмды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button