ӘлемдеЖаңалықтар

Джо Байден америкалықтарға қай кезде маска тақпауға болатындығын айтты

0
(0)

АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі коронавирусқа қарсы вакцина салдырған адамдар шағын топтарда бір-бірімен сөйлескен кезде бетперде тақпауға болатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Reuters агенттігі.

АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) басшылығы толық вакцинацияланған адамдар коронавирустың ауыр түріне шалдығу қаупі төмен екпе салдырмаған адамдармен шағын топтарда кездестіруге болатынын айтты. Оларға қашықтық сақтамаса да болады. Алайда бірнеше үй шаруашылығының вакцина салдырған және салдырмаған адамдары кездескенде, маска тағуы шарт.

«Олар қоғамдық орындарда осы шараларды ұстануды, сапарға шығу мен үлкен жиналыстардан аулақ болуды жалғастыруы керек. Бұл сақтық шаралары ұсталады, өйткені вакцинацияланған адамдар COVID-19-дың жеңіл түрін жұқтыру қаупі аз болса да бар», – дейді CDC директоры Рошель Валенски.

Валенскидің айытуынша, вакцинацияланған адам деген – Pfizer/Biotech немесе Moderna вакцинасының 2 дозасын алғаннан кейін немесе Johnson & Johnson вакцинасының бір дозасын салдырғаннан кейін 2 апта өткен соң аман қалғандар.

Сонымен қатар, Джо Байден америкалықтарды сергек болуға және вирустың жаңа толқынын болдырмау үшін CDC нұсқауларын орындауға шақырды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметінше, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 28 миллионнан асады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button