Қазақстандық Динара Сәдуақасова FIDE халықаралық шахмат федерациясы спортшыларының комиссиясын басқарады.
«Қуанышты жаңалығымды бөлісіп отырмын – ФИДЕ спортшылары комиссиясының төрағасы болып тағайындалдым», – деп жазды Сәдуақасова.
Ол комиссия шахматшылардың мүддесін табысты қорғайды деп сенеді.
