Жаңалықтар

Еліміздің онлайн оқу платформаларына өзге елден жойқын шабуыл жасалды

0
(0)

 

Қазақстандық OnlineMektep.org қашықтан оқу плафтормасына бірнеше күн қатарынан Қазақстаннан тыс аумақтан жойқын DDoS шабуылдар жасалды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Bilim Media Group баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Платформаны әзірлеушілердің пікірінше, бұл шабуылдар пайдаланушылардың сенімін бұзуды көздеп қасақана ұйымдастырылған.

«Бүгін OnlineMektep Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік техникалық қызметінің қорғауы арқасында шабуылға төтеп берді. Бүгінгі сыртқы DDoS шабуыл платформаға он есе артық салмақ түсірді. Бұл – Қазнет тарихындағы ең үлкен цифрлық шабуылдың бірі», – деді жоба жетекшісі Санжар Кенжеханұлы.
Сондай-ақ, желіде платформа қолданушыларының жеке аккаунтарын бұзуды ұсынатын қаскүнемдер пайда болды. Мұндай қылмыстық әрекет туралы ақпарат құқық қорғау органдарына беріледі.

Құрастырушылар цифрлық даму, инновацияларжәне аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен білім және ғылым министрлігіне алғыс білдірді. Ведомстволар мәселені шешуге қолдау көрсеткен.

Айта кетсек, OnlineMektep.org карантин кезеңінде қазақстандық оқушылар білім алатын негізгі ресурс.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close