Жаңалықтар

Медицина мамандығына сұраныс көбейді

0
(0)

Алматыда медицина мамандығына сұраныс артып отыр. Берілген өтініштер саны былтырғыдан екі есеге көп. Бұл туралы Алматы Жоғарғы медициналық колледжінің директоры Светлана Сұлтанғазиева айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

«Біздің бақылауымызша, медициналық мамандықтарға сұраныс артқан. Себебі, абитуриенттер саны көбейіп отыр. 1500 жуық адам құжат тапсырған. Құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 20 маусымынан бастап онлайн жүргізілді», – деді Светлана Сұлтанғазиева.

Маман мұндай үрдлісті заңдылық деп бағалап отыр. Себебі, коронавируспен күресте алдыңғы қатарға медицина кадрлары жұмылдырылған болатын.

«Эпидемияның шарықтау шегінде стационарларда 4500 медицина қызметкері жұмыс істеген. Дәрігерлер, медбикелер, зертханашылар. Бұл жұмысшылардың барлығы батырлар десек те болады»,- деді ол.

Сондай-ақ, медицина мамандарына сұраныс жасына қарай да артқанын айта кету керек. Биыл абитуриенттердің жасы 54-ке жетті. Медбике ісі мамандығына 482 адам (56,3%) тапсырған.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close