Жаңалықтар

Қытайдың сыртқы істер министрі Қазақстанға келмек

0
(0)

Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысады, сондай-ақ Қазақстанға сапармен келеді, деп мәлімдеді ҚХР СІМ ресми өкілі Чжао Лицзянь, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

«Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Моңғолия сыртқы істер министрлерінің шақыруымен сыртқы істер министрі Ван И 10-16 қыркүйекте Ресейге аттанып, ШЫҰ сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысады, сонымен қатар осы төрт елге сапармен барады», – деді Чжао Лицзянь.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы 9-10 қыркүйекте Мәскеуде өтеді.

Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді өзінің ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесетіні белгілі болды. Кездесу барысында екіжақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың басты тақырыптарын талқылау жоспарланған.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

bahis Casino Siteleri Baymavi Экскурсии в Мармарисе Аренда яхт в Бодруме Аренда яхт в Мармарисе Аренда яхт в Турции экскурсия памуккале дальян экскурсия эгейские острова мармарис остров клеопатры мармарис дайвинг в мармарисе турецкая ночь Scroll Up
Close