ЖаңалықтарҚоғам

Ата-аналар интернеттің жоқтығына байланысты дау шығарды

0
(0)

Баламыз білімсіз қала ма? Осылай деген алматылық бір топ ата-ана шу шығарды. Олардың сөзінше, ұл-қыздары интернеттің жоқтығынан бірінші қыркүйектен бері сабаққа қосыла алмай отыр екен. Қызмет сапасын даулап Қазақтелеком компаниясына келген жандар өтініштерінің орындалуын талап етті. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл балалар сабақтарын онлай оқиды дегеннен бері маза кеткен ата-аналар байланыс қызметін ұсынатын компания кеңселерін торуылдаумен келеді. Өтініш бергендеріне бір ай, тіпті екі ай болғандары да бар екен. Бірақ әлі қостыра алмапты. Ұзын-сонар кезекте тұрғандардың әлеуметтік қашықтықты да сақтап жатқандары шамалы.

«Осында жүргеніме екі ай болды. Бүгін тағы да басқа өтініш алдық. Қашан қосылатынын мүлдем білмеймін. Балаларда әзірге интернет жоқ. Ол екі айдан кейін қосылады екен», – дейді қала тұрғыны Хажарбүбі Мадалиева.

«Интернетсіз отыр екеуі де, 160-қа қоңырау шалсаң, алмайды. Жылы сөзбен шығарып салады. Мұнда келгенменде ешқандай өзгеріс жоқ. Адам ауырмағанда қалай карантин деп тұр. Қашықтық жоқ», – дейді қала тұрғыны Ермек Нұрбосынов.

«11 тамыз күні Қазақтелекомға келіп, күні бойы кезекте тұрып, «интернетті қосу» деген өтініш жіберген едім. 3 күннің ішінде келіп жасап кетеміз деді. Бүгін таңда қоңырау шалсақ, сіздің линияңызды техниктер жоққа шығарды дейді. Біреуге беріп тастаған екен», – дейді Жанат Бейсебекова.

Ал интернет қызметін пайдалып келе жатқандары оның сапасы мен ақшасына көңілдері томайтынын жеткізді. Абоненттік төлем үнемі құбылып тұрады деп реніштерін жеткізді.

«Айтып келе жатқанымызға қаншама жыл болды, қаншама ұрыссақ та болмайды. Тарифтерін береді де, кейін өзгерте салады немесе қымбаттатып жібереді. Бізге оны айтпайды да. Ертерек айтып келісеміз ба, келіспейміз ба…», – дейді Салтанат Теміржанова.

Ал «Қазақтелеком» компаниясының өкілдері бөлімшелерінде келушілердің көбеюін онлайн сабақпен байланыстырады. Алайда барлық отбасыларына телефон желісіне тарту техникалық жағынан мүмкін емес екен. Сондықтан интернеттің қызметінің өзге түрлерін ұсынғандарын жеткізді.

«Қазір абоненттеріміздің көбі интернетке қосылғысы келеді. Кей мекен-жайларда қосуға техникалық мүмкіндік бар. Кей аумақтарта ондай мүмкіндік жоқ. Ондай абонементтер сымсыз интернетті немесе өзін-өзі қаржыландыру қызметін қостыра алады», – дейді «Қазақтелеком» компаниясының департамент директоры Ксения Минеева.

Байланыс қызметін ұсынушылар жеке кабинеттен уатсап байланыс пен тағы басқа да қосымша қызмет түрлері көрсетілетінін жеткізді. Алдағы уақытты еріктілерді тартып, кеңсеге келмей-ақ кеңес алу мәселесін шешу жолдары қаралып жатыр екен. Бұдан бөлек, барлық шағым түсірген азаматтардың мәселесін жеке-жеке қарастырып, шешуді көздеп отыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

bahis Casino Siteleri Baymavi Экскурсии в Мармарисе Аренда яхт в Бодруме Аренда яхт в Мармарисе Аренда яхт в Турции экскурсия памуккале дальян экскурсия эгейские острова мармарис остров клеопатры мармарис дайвинг в мармарисе турецкая ночь Scroll Up
Close