Жаңалықтар

«Бұл жауапсыздық»: министр Біртанов той жасауға рұқсат сұраған қазақстандықтар туралы

0
(0)

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтардың коронавирус пандемиясы кезеңінде той өткізуге рұқсат беру туралы өтінішінің жауапсыздығын айтты, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Егер бізде жеке гигиена ережелері мен әлеуметтік қашықтық сақталса, төтенше жағдайсыз, ауыр карантинсіз эпидемияны өткізуге барлық мүмкіндіктер бар. Тойға келер болсақ, эпидемияның әлі аяқталмағанын айтқым келеді. Алайда менен бұл жайлы сұрауды тоқтатпайды: «Рұқсатыңызды беріңіз, мейрамханалар ашайық дейді». Бірақ бұл, жауапсыздық деп ойлаймын», – деді министр тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында.

Ол қазақстандықтардың бетперде киіп, барлық қажетті ережелерді сақтаған жағдайда, жұқтыру қаупі аз болатынын атап өтті. Бірақ бұл ережелер сақталатынына кепілдік жоқ.

«Өкінішке орай, бір кәсіпкер келіп: «Бізге жұмыс істеу мүмкіндігін беріңіз, біз сіздердің кез-келген талаптарыңызды орындаймыз дейді. Біз жарайды деп, рұқсатымызды береміз. Келесі күні келсек ешқандай талаптар мен тәртіп жоқ. Біз оларға кальянға тыйым салынған деп ескертеміз, ал келесі күні келсек олар кальянды түтіндетіп жұмыс істеп жатады. Басқа бұзушылықтар да бар, ешқандай әлеуметтік жауапкершілік жоқ», – деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирустың таралу қаупіне байланысты кез-келген жаппай шараларға тыйым салынады. Мекемелерде адамдардан қашықтықты сақтау талап етіледі, компанияларда үш адамнан көп кездестіру ұсынылмайды. Сонымен қатар мәдени, ойын-сауық, спорттық іс-шараларға тыйым салынады.

Соңғы мәліметтер бойынша, коронавирустың 13074 жағдайы тіркелді, 8015 адам қалпына келді, 58 адам көз жұмды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close