Жаңалықтар

ОСК екі шетелдіктен халықаралық байқаушы куәлігін қайтарып алды

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашаға белгіленген кезектен тыс президент сайлауына халықаралық ұйымнан 2 байқаушыны аккредиттеу кері қайтарып алынды, деп newsroom.kz хабарлайды.

«5 қараша күні ҚР Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен ұсыныс келіп түсті. Оған сәйкес, президенттің кезектен тыс сайлауына аккредиттелген Түркі мемлекеттері ұйымы делегациясының құрамына тиісті өзгеріс енгізу қажет. Аталған ұсыным дипломатиялық арналар арқылы Түркі мемлекеттері ұйымының делегация құрамының өзгеруіне қатысты келіп түскен өтініміне негізделеді. Осыған байланысты Түркі мемлекеттері ұйымынан Хаттис Озгепан мен Додастан Орманбетованы халықаралық байқаушы ретінде аккредиттеу күшін жою, сонымен қатар олардың халықаралық байқаушы куәлігін қайтарып алу қажеттігі туындайды», – деді ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.

Осыдан кейін Орталық сайлау комиссия тиісті қаулы қабылдады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.