Жаңалықтар

Халықтық коалиция ОСК Тоқаевты кандидат ретінде тіркеу үшін қажетті құжаттарды ұсынды

Бүгін Халықтық коалициясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат етіп ұсыну үшін ҚР Орталық сайлау комиссиясына барлық қажетті құжаттарды ұсынды, деп newsroom.kz хабарлайды.

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов атап өткендей, күні кеше саяси партиялар мен республикалық ұйымдардың өкілдері Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалиция құрды.

«Бұл үрдіс «AMANAT» партиясының жаңа Саяси тұғырнамасындағы идеологияға сай. Сонымен қатар, бұл «Түрлі көзқарас – біртұтас ұлт» деген қағиданың айқын көрінісі. Коалиция болып бірігіп Президентті ұсынуымыз саяси мәдениетіміз бен саяси жүйеміздің жоғары деңгейін көрсетеді. Халықтық коалицияның форумында Президент біздің ұсынысымызды қабыл алды. Сондықтан бүгін коалиция мүшелері бірлесіп, Қасым-Жомарт Кемелұлын кандидат ретінде тіркеу құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына тапсырдық», – деді Асхат Оралов.

«Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашевтың айтуынша, Халықтық коалиция – бұл қоғамдық топтасудың жаңа деңгейінің көрсеткіші, ынтымақтастықтың жарқын үлгісі.

«Референдум барысында да қоғамдық штаб Тоқаевтың саяси реформаларының барлық жақтасын біріктірді. Сол кездегідей, біз қазір біртұтас команда ретінде әрекет етеміз. Біз Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасын көрнекті саяси мемлекет қайраткері ретінде ұсындық, бұл жалпыхалықтық таңдау», – деді ол. 

Өз кезегінде «QAZAQSTAN TEAM» республикалық қоғамдық жастар бірлестігінің төрағасы Олжас Сүлейменов Орталық сайлау комиссиясына құжаттарды тапсыру – болашақ сайлау науқанын бастайтын маңызды қадам екенін атап өтті.

«Мен үшін бұл өте маңызды оқиға. Өйткені коалиция бірігіп әрекет етеді. Ынтымақтастық әрқашан өзекті. Біз бір-біріміздің тәжірибемізді қабылдап, ортақ мақсатқа жете аламыз», – деді ол.

Тіркеуге қажетті құжаттар топтамасын «AMANAT» партиясы, Қазақстан Халық партиясы, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы, «Ардагерлер ұйымы», «QAZAQSTAN TEAM», «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі»,  «Генералдар кеңесі», «Қазақстандық спортшылар одағы» ұсынды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.