Жаңалықтар

Жарылыстан кейінгі тағы бір құрбан

0
(0)

Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыс құрбандарының саны 16-ға жетті. Тараз қалалық ауруханасында оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы болған Ерлан Қырғызәлиев қайтыс болды. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап newsroom.kz. порталы хабарлайды.

38 жастағы маман қоймадағы өртті жоюға алғашқылардың бірі болып кірісіп, сол жерде жарақат алған еді. Оқыс оқиғадан бері ауыр жағдайда жатқан азаматтың демі үзілгенін Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Естеріңізге салсақ, 26 тамызда Байзақ ауданындағы әскери бөлімнің қоймасында өрт шығып, артынша алапат жарылыс болды. Төтенше жағдай салдарынан 16 адам қаза тапты, тағы 90 жан зардап шекті. Марқұмдардың көбі құтқарушылар мен өрт сөндірушілер және әскери қызметшілер.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button