COVID-19 vs Qazaqstan

Міндетті вакциналауды енгізу қаншалықты заңға қайшы?

Оның үстіне Үкіметке елде ұжымдық иммунитет қалыптастыру тапсырмасын орындау керек.

Әділет министрлігі халықты коронавирусқа қарсы міндетті вакциналауға қатысты түсініктеме берді. Олардың айтуынша, міндетті вакциналауды енгізу заңға қайшы емес. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі КТК  теларнасына сілтеме жасап хабарлайды.  Оған Конституция кепілдік береді. Өйткені қоғам денсаулығын сақтау үшін заң бойынша мемлекетке осындай мүмкіндік берілген.

Наталья Пан, ҚР Әділет министрінің орынбасары:  – Ата заң бойынша мемлекет шектеу немесе міндеттеу шараларын орындата алады. Бұл конституциялық құрылыс, ұлттық қауіпсіздік және қоғам денсаулығына да қауіп төнген жағдайда болатын жағдай. Қазір дәл сондай жағдай туып тұр. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі кодексі ұжымдық иммунитет қалыптасу үшін алдын алу екпе жүргізеді. Сондықтан қазіргі пандемияға қарсы шара талаптарына сай деп саналады.

Яғни алдын алу шарасы ретінде міндетті вакциналау қарастырылып отыр. Оның үстіне Үкіметке елде ұжымдық иммунитет қалыптастыру тапсырмасын орындау керек. Сондықтан бұл жерде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет деп санайды. Өйткені бұл халыққа, әрбіріміздің отбасымыз бен туыстарымыз, достарымыз үшін жасалып жатқан шара. 2-шілдеден бастап елімізде бірқатар қызмет көрсету нысандарының қызметкерлері вакцина алуға міндеттелді. Оған қарсы болса, апта сайын ПТР-тестін тапсырып, таза екенін дәлелдеп отыруы қажет.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.