Жаңалықтар

Усманов пен Өтемұратовтың «жарысы». Қалғандары ше?

0
(0)
Бүгінгі әлеуметтік желінің «қаһарманы» – Әлішер әкә Усманов болып тұр. Орыста жүріп кәсіп қылған өзбек олигархы Мақтааралдағы үй-жайын су басқан ағайынға көмек беріпті. «Түркістан» әлеуметтік даму коперативтік қорының шотына 5 миллион 202 мың доллар аударыпты. Бұл ақша Мақтааралдағы 5202 адам отбасына таратылып берілетін көрінеді.

Усмановтың көмегі – 5 млн. 202 мың доллар

USM Алишера Усманова покупает «ИКС Холдинг» - Газета.Ru | Новости

 

Бұл ақпаратты Түркістан облысы әкімдігі таратқан. Онда: «Ресей кәсіпкері Әлішер Усманов су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының эвакуацияланған 30420 тұрғыны үшін «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қорына 5 млн. 202 мың АҚШ долларын аударды. Бұл қаражат эвакуацияланған 5202 отбасының жеке шотына түседі», – деп жазылған.

Мирзиеев: Көмек беруге әзірміз

Токаев и Мирзиеев договорились о создании совместных производств в ...

2 мамырда Қазақстан мен Өзбекстан президенттері телефон арқылы сөйлесіп, Мақтааралдағы ахуалды талқылаған. Сонда, өзбек президенті Шавкат Мирзиеев Түркістандағы су басқан ауылдарды қалпына келтіру үшін көмек жіберетінін айтқан. Бұл ақпаратты Ақорда таратты.

Кейін, өзбектің «podrobno.uz» дейтін сайты Мирзиеевтің сөзін жариялапты.

«Біз бауырлас қазақ халқымен ежелден іргелес тұрдық. Бір өзеннен су іштік. Бір туған бауыр болдық. Біз қуанышта да, сынақта да бір-бірімізге арқа сүйеп, көмектесіп отырдық.

Ешкім күтпеген бұл техногендік апат тек біздің ғана елді мекендерге емес, көрші бауырларымызға да шығын әкеліп отыр. Әрине, өкінішті жағдай. Біз де табиғи апаттың салдарын жою үшін қазақстандық бауырларға керекті көмек беруге әзірміз», – депті Мирзиеев.

Ал кеше Түркістан облысы әкімдігі Өзбекстаннан 100-ге жуық арнайы техника мен 200-ге тарта маман келгенін хабарлады. Жаңағы 100-ге жуық техниканың ішінде өрт сөндіруші көліктер, экскаваторлар, тракторлар, су сорғыз көліктер, жүк көліктері мен автобустар бар екен.

FT узнала о планах Усманова продать свой пакет в клубе Arsenal ...

Президенттің құдасы

Сонымен, Ресейдегі дәу қалталы шоңдардың алғашқы ондығына кіретін өзбек олигархы Әлішер Усмановтың көмек қаражаты теңгеге шаққанда 2 миллиард теңгеден асып жығылады екен.

Әлішер Усманов – өзбек. Ресейлік кәсіпкер. Ресейдегі ең ауқатты адамдардың тізімінде 9 орында. Оның байлығы – 12,6 миллиард доллар деп бағаланыпты. «Forbes» дерегінше, Әлішер Усманов 2015-2019 жылдары аралығында қайырымдылыққа – 1,3 миллиард доллар жұмсапты. Оның 400 миллионы өткен жылы жасалған қайырымдылық.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен құда екен. «Forbes-тегі» бір сұхбатында: «Мен бұған дейін де талай рет айтқанмын. Мен өзімнің өзбек болып туғанымды мақтан тұтамын. Ол менің туған жерім екенін мақтан тұтамын. Менен Өзбекстанға, оның басшылығына қандай көмек керек, кез келген уақытта көмектесуге әзірмін», – депті.

Қос бірдей «Достық» ордені

Назарбаев наградил Алишера Усманова орденом

Айтпақшы, 2019 жылдың мамырында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Әлішер Усмановқа I дәрежелі «Достық» орденін таққан. Ал 2011 жылы осы орденнің II дәрежесімен марапатталған екен.

II дәрежелі орден – «Қоғамдық келісімді сақтауға сіңірген табанды еңбегі мен бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлесі, халықтар арасындағы достық пен байланысты нығайтуға қосқан үлесі үшін» берілген.

I дәрежелі орден – «Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, Мемлекетің мәдени дамуына қосқан үлесі, халықтар арасындағы достық пен байланысты нығайтуға қосқан үлесі үшін» берілген.

Рас, өзбек олигархы қайырымдылық қылды деп шулап жатырмыз. Шынтуайтына келгенде орыстардың өз ішінде Әлішер әкә Усманов туралы пікір әртүрлі. Жұрттың бәрі бірдей жақтыра бермейтін «персона». Ол түсінікті де. Олар үшін Усманов – шеттен келген шүрегей. Десе де, оның бұл жолғы қайырымдылығы көптің көңілінен шыққаны өтірік емес. Ол әуелі өз елінің (Өзбекстанның) абыройы үшін жасады. «Усмановтың көмегі – қазақ пен өзбектің арасын жақындата түседі», деп жатыр әлеуметтік желідегі жұрт.

Тағы да әлгі 50 байды іздейміз

Ел-жұрттың әңгіме қылып жатқаны өзбек байының қайырымдылығы. Ал біздікілер ше? Бізде де бар ғой... Рас, біздікілер жаңағы Усмановпен қалта теңестіре алмайтын да шығар. Бірақ, ерекше ауқаттылардың рейтингісінен түспейтін әлгі 50 дәуіміз де тесік қалта, жыртық көңіл, жарым құрсақ жандар емес-ті. Тіпті, олардың иелігіндегі дүние-мүлікті қарасаңыз – қазақтағы қазба-байлық халықтан бұрын осы бір аз ғана топтың игілігіне жұмсалыпты-ау, деген ойға қаласыз.

Жә, сонымен біздікілер не беріп жатыр?

Булат Утемуратов избран вице-президентом Международной федерации ...

Бүгін ғана бір ақпарат шықты. «Болат Өтемұратов» қоры Мақтааралдағы ағайынға үй салу үшін 6 миллион доллар аударыпты. Шамамен 2,5 миллиард теңге. Бұл ақшаға Мақтааралға 150 үй салынады екен. Салынғанда да, Мырзакенттің орталығынан жаңа ықшамаудан бой көтермек көрінеді. Оған қызылсудың құрсауында қалған Достық, Жаңатұрмыс, Жеңіс ауылдарының тұрғындары қоныстанады-мыс.

Айтпақшы, Болат Өтемұратовтың 6 миллион долларлық қайырымдылығы ақпаратқа тарасымен-ақ, желідегі жұрт: «Усманов пен Өтемұратовтың қайырымдылық жарысы», деген сөз айта бастады.

Хош! «Forbes» тізіміндегі Бөкең, Болат Өтемұратов қарап қалмапты. Ал өзгелері ше? Өтемұратовты айттық. Әрі қарай – Владимир Ким, Тимур Құлыбаев, Динара Құлыбаева, Әділжан Ибрагимов, Рашид Сәрсенов, Кеңес Рақышев, Ғалымжан Есенов, Бақытбек Байсеитов, Нұрлан Смағұлов. Бұлар қазақстандық «Forbes-тағы» алғашқы ондық. Бесеуінің дәулеті миллиард доллармен, қалған бесеуінікі миллион доллармен есептелетін дәулер.

Ендеше, Өтемұратовтан өзгелері неге тыныш отыр? Әлде олар су басқан ауылдардағы үйсіз-күйсіз қалған халыққа көмек беру үшін «әлдекімдерден» бұйрық күтіп отыр ма?

Дереккөз: Abai.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close