Жаңалықтар

Алматы әуежайы түрік компаниясына сатылды

0
(0)
TAV Airports Holding түрік холдингі Халықаралық Алматы әуежайы акцияларының жүз пайызын сатып алды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz. Мәміле құны 415 миллион долларды құраған.

TAV әуежайларының консорциумдағы үлесі кем дегенде 75 пайызды құрайтындығы, ал акцияларды беру барлық заңды процедуралар аяқталғаннан кейін жүзеге асырылатындығы туралы хабарланды.

Алматы әуежайы TAV әуежайлар холдингінде  15-ші орын алады.

«Қазақстан – географиялық жағынан да, экономикалық жағынан да аймақтағы ең үлкен ел. Алматы – бұл елдің ІЖӨ-нің 20 пайызын құрайтын ең ірі қала. Сонымен қатар, ол Қытайды, Еуропаны және Африканы байланыстыратын» заманауи Жібек жолының «орталығы болып табылады. Оның әлеуеті жақсы және біз енді өз білімімізге сүйене отырып, оны толығымен іске асыру үшін жұмыс істейміз », – деді холдингтің президенті және бас директоры Сани Шенер.

Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Алматы халықаралық әуежайының 100 пайыз акциясы Venus Airport Investment B.V.-ге тиесілі болған.

Бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов Алматы әуежайын түрік компаниясына сату жоспарлары туралы айтқан болатын.

«Меншік түрінің өзгергенімен әуежай қызметтеріндегі баға көтерілмейді. Азаматтық авиация комитеті әуежайдың өндірістік қуатын, жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен ұшу қауіпсіздігін халықаралық стандарттарға сәйкес арттыруды жалғастырады», – деді ААК баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, олар әуежай терминалын кеңейтуге 270 миллиард теңге жұмсауды жоспарлағаны белгілі болды.

Еске салайық, TAV әуежайлары холдингі 1997 жылы Тепе және Акфен компаниялар тобымен құрылды. Негізгі қызметі Стамбул Ататүрік әуежайын, Эсенбог халықаралық әуежайын (Анкара), Аднан Мендерес (Измир), Газипаша-Анталия, Түркиядағы Милас-Бодрум әуежайларындағы халықаралық терминалдарды басқару.

Компания сонымен қатар Тбилиси әуежайын, Батуми әуежайын, Тунистегі Хабиб Буржуиб Монастир әуежайын, Сауд Арабиясындағы Медина және Хорватиядағы Загреб әуежайларын басқарады.

2018 жылы компания 152 миллион жолаушыға және шамамен 1 миллион рейске қызмет көрсетті.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close