Жаңалықтар

Алматы тауларында әпкесі мен інісі адасып кетті

0
(0)

Іле-Алатау аймағындағы мемлекеттік ұлттық саябақта әпкесі мен інісі адасып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 мамыр күні інісі мен әпкесі танымал туристік маршрут бойынша тауға шыққан. Олар Көкжайлау арқылы Кумбел шыңына шығып, кейін Горельник шатқалының арасымен Медеу арқылы үйге оралуды жоспарлаған.

«Алайда, әпкесі мен інісі кеш батқанға дейін төмен түсіп үлгермеген.

Олар шаршап, тонып қалған. Горельник ауданында жолдан адасып, өз бетерінше жол табуға тырысқан. Олардың бұл әрекеттері еш нәтижие бермеді. Сөйтіп көмек сұрады. Суықтан қыздың аяғы тартылып, жүре алмай қалған»,– делінген хабарламада. Олар ҚР ІІМ ТЖК Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші – диспечерлік бөлімшесіне геолокациялық хабарлама жіберген.

Оқиға орнына РЖҚЖ жедел тобы иісшіл ит ертіп аттанды. Түнгі уақытқа қарамастан құтқарушылар зардап шеккендерді тауып, алғашқы медициналық көмек көрсетті.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close