Жаңалықтар

Аңыз адам Асанәлі Әшімов 83 жасқа толды

0
(0)

Бүгін Қазақстан Республикасының Халық әртісі Асанәлі Әшімов дүниеге келген күн. Қазақстың әйгілі актері, режиссер, аңыз адам 83 жасқа толып отыр деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігі.

Ол 1937жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент, бұрынғы Байқадам ауылында дүниеге келген.

Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының профессоры. Бірнеше кітаптың авторы. 1963жылдан бері М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының актерлік құрамында әрі режиссерлік қызметте.
«Шоқан Уәлханов», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмдерін түсірді. «Отан» орденімен, М.В.Ломоносов атындағы, «Алтын қыран» ордендерімен марапатталған. КСРО және ҚР Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, және Қазақстанның Еңбек ері.
1993 жылы Асанәлі Әшімовтің шаңырағының ұйытқысы болған әйелі Майра Айманова о дүниелік болған. Оның артынша ұлы Мәди, тағы алты айдан кейін Сағи қайтыс болған. Мұның барлығы Асанәлі Әшімовке ауыр тиген. Алайда актер бұл қиындықтардан шыға білді.

Бүгінде актер өзінен 34 жас кіші, өзінің медбикесі болған Бағдатқа үйленіп, Асанәлі атты ұлын тәрбиелеп отыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close