Жаңалықтар

80 тұрғыны бар ауыл адамдары миллионерге айналған

0
(0)

Бұндай оқиғаны есітіп таң қалуларыңыз мүмкін. Қазіргі кезде бірден «байып кетті» дегенді кейбір адамдар ертегі айтып отыр ма деуі мүмкін. Иә, дәл солай, ауыл тұрғыны бірден миллионер болғанын естігенде таң қалған шығар, сірә?

Испанияның солтүстігінде Сересалес дель Кондадо деген ауылы бар. Ол ауылда тұрғындарының саны 80 адамды құрайды екен.

1917 жылы сол ауылда Антонио Фернандес деген бала туылыпты. 13 баланың ата-анасы бала-шағасын асырау үшін күні-түні еңбектеніпті. Осылайша күнкөрісі төмен болған бозбала 14 жасында оқуын тастап, жұмыс істеуге тура келіпті. Тапқаны күнкөрісінен артылмаған ол, 1949 жылы туған өлкесінен Мексикаға аттаныпты. Онда анасының ағасы тұрады екен. Шетелде Grupo Modelo сыра өндіретін зауытқа орналасып, еңбегінің арқасында көптеген жетістікке жетеді.

Алдымен жергілікті елде таныла бастаған ол, бүкіл әлемге тарайтын сыра брендіне айналады. Жай қызметкер болып орналасқан ол, күндердің бір күнінде компаниясының бас директоры болады.
2005 жылға дейін 88 жасына дейін басқарыпты. Алайда оның кәсібін жалғастыратын артында ұрпағы қалмапты. Бүгінгі таңда «Corona» деген сауда белгісімен сатылатын сыра кәсібінің басқаруын інісіне мұра етіп қалдырыпты.

Әңгіменің төркінін түсінбей, 80 миллионер тұрғынның не қатысы бар деп ойлап отырған боларсыз?
Антонио Фернандес 99 жас өмір сүріпті. Оның еңбекқорлығы мен қайырымдылығы туралы көзі кеткен соң, басылымдар жарыса жазған екен. Байлық оны мүлдем өзгертпеген. Өзінің өмір бойы тапқан табысын, өзі туып өскен ауылының адамдарына мұра етіп қалдырыпты. Әрқайсысына 2 млн евродан артық келетін сомма қаржымен 80 тұрғын өмірінің соңына дейін кедейшіліктен азат етіледі екен. Кезінде сол ауылдан түлеп ұшқан қайырымды жан туралы ауылдастары аңыз етіп айтып жүре бермек.
Бүгінде миллионерлер қыруар қаржыны қайырымдылыққа жұмсады деп жарияға жар салып, жаңалық болып таратылып жатқаны рас. Ал бір ғасырға жуық өмір сүрген қарияның қайырымдылығы ерекше. Ол қомақты қаржыны көзі тірісінде атаққа жету үшін таратып бермегені анық.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close