ӘлемдеЖаңалықтар

Атамбаевтың ауруы асқынуда. Экс-президенттің денсаулығы нашарлауда

0
(0)

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты шұғыл ауруханаға жатқызу керек. Бұл туралы оның адвокаты Замир Жоошев мәлімдеді, – деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  24.kg сайтына  сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қорғалушысында инфаркт болуы мүмкін, бұрынғы аурулары да асқынып кеткен. Атап айтқанда, арқадағы ауырсыну күшейе түсті. Алайда бір ай бұрын тағайындаған сот-медициналық сараптама әлі аяқталған жоқ.

Адвокаттың сөзінше, 148 парақ медициналық тарихының көшірмесі судьяларға берілген. Ол сараптама тағайындалғанын атап өтті.

«Алмазбек Атамбаев кешенді емдеуді қажет етеді. Ол оны колония жағдайында ала алмайды. Біз оны ауруханаға жатқызу үшін санкцияны үйқамаққа өзгертуге бірнеше рет өтініш жазғанбыз. Бірақ келісім бермей жатыр», – деді Замир Жоошев.

Еске салайық, Алмазбек Атамбаевқа қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 2019 жылғы 7-8 тамызда болған Қой-Таш ауылындағы тәртіпсіздіктер, сыбайлас жемқорлық деректері және қылмыстық кірістерді заңдастыру істері бар. Қаңтарда Қырғызстанның экс-президенті тергеу изоляторынан колонияға ауыстырылды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button