Жаңалықтар

Мандариндер қызыл торлы пакеттерге жайдан-жай салынбайды

3.9
(8)

Мандариндер мен апельсиндер әрдайым қызыл торлы пакеттерде сатылатындығын байқаған боларсыз? Мұндай қаптамада ерекше ештеңе жоқ сияқты. Алайда, бұл сатып алушыларды өнімге назар аудартып, оны сатып алғысы келуі үшін жасалған, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

Түсті пайдалану арқылы сатып алушыны алдау оңай 

Супермаркет сатып алушы көбірек ақша жұмсау үшін арнайы стратегиялар қолданады. Бірқатар «ақылды» стратегиялар: музыка қосып қою, сөреге тауарларды белгілі бір реттілік бойынша орналастыру  келушілерді  тауарды сатып алуға итермелейтін айла-амалдардың бірі.  Қызыл торлы пакеттер-бұл азық-түлік дүкендері қолданатын осындай айла-амалдардың біріне жатады.

Reader ‘ s Digest-тің айтуынша, апельсин қабығының фонындағы қызыл түс жемістерді қызғылт сарыға айналдыратын елес жасайды. Апельсин немесе мандарин неғұрлым қанық болса, оны сатып алушы соғұрлым сатып алғысы келеді.  «Тоқсары» түс апельсинді балғын, әрі  сапалы өнімге айналдырады.

Егер  бірнеше лимонды бірдей қызыл торлы пакетке салса, олар сары емес, тоқсары болып көрінеді. Сондықтан лимон мен лайм әдетте сары немесе жасыл торлы пакеттерде сатылады – сәйкесінше олар  сары және жасыл болып көрінеді.

Егер түске сену мүмкін болмаса, дұрыс піскен апельсинді қалай таңдауға болады?

Taste of Home жұқа қабығы бар қатты апельсиндерді таңдауға кеңес береді. Жақсы апельсин  ауыр болуы керек (жеміс неғұрлым ауыр болса, соғұрлым оның шырыны көп болады). Қабық тегіс және мыжылған болмауы керек. Маусымдық апельсиндер  сатып алу үшін қарашадан наурыз айларында сатып алған жөн.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.9 / 5. Бағалар саны: 8

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button