ЖаңалықтарШымкент қаласы

Белгілі тұлғалардың ескерткішіне тағылған бетперде тұрғындар тарапынан сынға ұшырады

0
(0)

Шымкент қаласында белгілі тұлғалардың ескерткішіне тағылған бетперде тұрғындар тарапынан қатты сынға ұшырады. Желіде Абай мен Тұрар Рысқұловқа медициналық бетперде тағылған бейнежазба тарады.

Ескерткіштер биікте орналасқандықтан, оған арнайы техникасыз қолжеткізу мүмкін емес. Қала тұрғындары мен блогерлер бұл туралы жарыса жазып, идея авторларын қатты сынға алды. Мұны ұлттың мақтанышын мазақ ету деген сынды баға да берілді.

Көп ұзамай бұл идеяның авторы Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы екені белгілі болды.

Көптеген елдерде ескерткішке медициналық бетперде тағу акциясы өтіп жатыр. Біз де соған үн қосып, қайталап көрдік. Тұрғындарға бұл ісіміз ұнамаған соң, бетперделерді шешіп тастадық, – деді Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Кеуенова.

Басқармадағылардың мәліметінше, аталмыш іске бір тиын да қаражат жұмсалған жоқ. Оған бірнеше метр мата мен Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында бар техника ғана қажет болған.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button