COVID-19 vs QazaqstanЖаңалықтар

«Вакцинадан қайтыс болған» адамға қатысты министрлік түсініктеме берді

1
(1)

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният алматылық дәрігердің вакцинадан қайтыс болғанын растаған жоқ, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

«Біз Алматы облысындағы әріптесіміз туралы хабарды тексердік. Біріншіден, министрліктің атынан оның туған-туыстарына көңіл айтамыз. Екіншіден, ол кісі вакцина алғаннан кейін екі күн өткен соң, үйінде құлап, қайтыс болған. Сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Алматы қаласында комиссия құрылды. Мәйітті қараған мамандар «ол адам жүректің ишемиялық ауруынан қайтыс болды» деген алдын ала қорытынды шығарып отыр. Әрі қарай комиссия тексереді. Сондықтан қазір ол кісі вакцинадан көз жұмды деп айта алмаймыз», – деді Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, қазіргі кезде ресми түрде тіркелген вакцинадан қайтыс болған адамдар жоқ. Осы орайда вице-министр екпенің жанама әсерлеріне де тоқталды.

«Вакцинаның аллергиялық әсері болса, 30 минуттың ішінде байқалатын еді. Ал бұл жағдай екі күннен кейін болып отыр. Сондықтан жан-жақты тексеріп, сараптама жасау қажет», – деп атап өтті Ғиният.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button