ЖаңалықтарҚоғам

Тоқаев қарызын қайтармайтын адамдарға қатысты тапсырма берді

2.3
(63)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады. Бұл туралы Ақорда сайта хабарлады.

Агенттік төрағасы 2020 жылдың қорытындысы бойынша экономиканы кредиттеудің 5,5 пайызға ұлғайып, 14,6 триллион теңгеге жеткені жайында айтты. Оның айтуынша, Дағдарысқа қарамастан, шағын және орта бизнеске берілетін кредиттер, оның ішінде, бизнеске қолдау көрсетудің мемлекеттік бағдарламаларын кеңейту арқылы 7,1 пайызға, яғни 4,2 триллион теңгеге дейін өскен.

Президенттің тапсырмасы бойынша экономиканың зардап шеккен секторларындағы шағын және орта бизнестің барлық кредиттерін жылына 6 пайызға дейін субсидиялау тетігі іске асырылған.

Сонымен қатар ол биылғы 1 қаңтардан бастап барлық микроқаржылық ұйымдардың, оның ішінде, ломбардтар мен онлайн-кредиттеу компанияларының қызметін лицензиялау енгізілгені туралы хабарлады. Бұл олардың есеп беруін, ашықтығын және жауапкершілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықтың борыштық жүктемесін азайту жөніндегі реттеу шаралары қабылданды. Соның арқасында тұтынушылық кредиттің өсуі азайды. Биыл қарыз алушы жеке тұлғаларды оңалту және кредиттер бойынша сыйақының шекті мөлшерлемелерін реттеу тетіктері енгізіледі, қарызын қайтармайтын адамдарға қатысты реттеу қызметінің сотқа дейінгі тәртібі күшейтіледі.

2021 жылдан бастап азаматтарға зейнетақы активтерінің бір бөлігін жеке басқарушы компаниялардың басқаруына беру, ал банктерге брокерлік қызметтердің толық спектрі бойынша қызмет көрсету мүмкіндігі берілді. Бұл өз кезегінде халықтың инвестициялық мүмкіндігін арттырады. Сақтандыру және қор нарығын одан әрі дамыту мақсатында кешенді заң жобасы әзірленді,  деді Әбілқасымова.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттікке қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуді, қаржы нарығының барлық секторында тәуекелге бағдарланған қадағалау жүйесін енгізуді, қаржылық қызмет көрсету барысында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды, сондай-ақ, қор нарығын дамытуды міндеттеді.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2.3 / 5. Бағалар саны: 63

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button