Жаңалықтар

Вице-министр: ұстаздардың компьютер қолданудағы сауаты төмен

3.7
(3)

Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари қашықтан оқыту кезінде Zoom қосымшасында көрсетілген порнороликтерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

Білім министрлігі ұстаздарға қауіптілік тудыратын, міндетті авторизациясы жоқ қосымшаларды пайдаланбауға кеңес берді.

«Бізде шамамен 13 отандық платформа бар, оларды пайдалану кезінде үшінші тұлғалар оқу процесіне кедергі жасай алмайды, өйткені олар міндетті түрде авторизациядан өтуі керек.

Сондай-ақ, ZOOM-да оқушылар кіргеннен кейін бейнеконференцияны жабуға көмектесетін функция бар екенін атап өткім келеді. Бірақ компьютерлік сауаттылық жоғары деңгейде бола бермейді, сондықтан осындай жағдайлар болады», – деді вице-министр.

 

Ұстаздар қауіпсіздік шараларын ұстанатын болса, ешкім сабаққа кедергі келтіре алмайтынын да тілгі тиек етті.

«Біз мұндай жағдайларды болдырмау үшін барынша күш саламыз. Білім министрлігі тағы да түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мұғалімдерге оқу бағдарламаларын қалай пайдалану керегі туралы жадынамалар беріледі. Бұған қосымша білім басқармаларының үйлестірушілері әр өңірде нұсқаулық өткізеді. Әрине, біреу түсінбей қалуы мүмкін, бірақ негізгі принциптерді сақтау керек», – деді ол.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.7 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close