Жаңалықтар

Зейнетақы жыры: жұрт жаппай үй алса, бағасы да шарықтай ма?

5
(1)

Зейнетақы қорынан жұртқа үлестірілетін қаржының 80 пайызы жылжымайтын мүлік нарығында айналады. Ел экономистері осылай деп тоқтам жасап отыр. Сондықтан алдағы жылы міндетті түрді пәтер бағасы қымбаттайды дейді олар. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Астаналық Нұрзия Көпжасарова жалақысы жоғары қызмет атқарады. Қырықтың қырқасына да шықпаған келіншектің зейнетақы шотында 7 миллион теңгедей ақшасы бар. Жас талабына сай ол бұл соманың тура жартысын ала алады екен. Қомақты қаржыға жасап қойған жоспары да жоқ емес.

Нұрзия КӨПЖАСАРОВА, қала тұрғыны:

«3,5 миллион теңге қордағы ақшамды тұрғын үй алуға жұмсауға мүмкіндігім бар. Ұлыма үй алсам ба деймін. Бір бөлмелі пәтердің алғашқы жарнасына жетіп тұр ақшам».

Қазір зейнетақы қорындағы ақшадан Нұрзия сияқты 700 мыңнан астам қазақстандық дәмелі. Жалпы салымшылардың саны 10 миллиондай десек, олардың әрбір он екіншісі батпан құйрыққа қарық болатындар екен. Экономист мамандардың есептеуінше, алдағы жылы зейнетақы қорынан жұртқа 1,5 триллиондай ақша үлестірілмекші. Мемлекет оны білім алуға, баспанаға, жер теліміне, денсаулықты түзеуге және ипотекалық несиені жабуға ғана жұмсауға рұқсат етпек. Алайда мамандар, қаржының 80 пайызы жылжымайтын мүлік нарығында айналады деген болжам жасап отыр.

Арман БАЙҒАНОВ экономист:

«Нұр-Сұлтан , Ақтау , Шымкент, Алматы, осы төрт қалада пәтер бағасы өсуі мүмкін. Олардың тұрғындарының жалқысы жоғары. Басқа қалаларда, мысалы, Семей , Тараз, Петропавлда жалақысы кіші , көбілері ала алмайды. Сондай қалаларға әсер етпейді баға жағынан».

Былтыр ел бойынша 320 мыңдай баспана сатылыпты. Экономистердің есептеуінше, зейнетақы қорынан босайтын қаржы бұл көрсеткішті бірден 30 пайызға арттырмақшы екен. Алайда жылжымайтын мүлік нарығының жілігін шағып жүргендер баспана қымбаттайды дегенге күдікпен қарайды.

Айжан БАЛТАШЕВА, риэлтор:

«Пәтерлер көп болғандықтан  баға өсімі болмайды. Өйткені, нарықта қазір сатылып жатқан пәтерлер өте көп және де соғылып жатқан пәтерлер де көп. Баға өспейді, сол күйі тұрады. Өссе де тым көп пайызға өспейді, ары кетсе 5 пайыза ғана мүмкін болар, мүмкін болмас».

Жылжымайтын мүлік нарығындағы өзгерістің қай бағытқа қарай өрбитіні тек алдағы жылдың ортасына қарай ғана белгілі болмақ. Қазір Үкімет зейнетақы қорындағы ақшаны алудың механизмі мен операторларын анықтап жатыр.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close