ЖаңалықтарҚылмыс/Оқиға

10 миллион теңге: Мемлекеттік кәсіпорын басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

0
(0)

Шығыс Қазақстан облысында «Еңбек-Өскемен» мемлекеттік кәсіпорнының басшысы пара алды деген күдікпен қамауға алынды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметі бойынша, ол шілде және тамыз аралығында бірқатар кәсіпкердің келісімшартына және орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойған. Мекеме басшысы кәсіпкерлерге осындай жолмен қаржы аударғаны үшін пара алған көрінеді. Ол жалпы көлемі 10 миллион теңгені қалтаға басты деген күдік бар.

Қазір қамқор басшы абақтыға тоғытылды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Енді сот алдында жауап беретін болады.

«Лауазымды тұлғаға қатысты сот «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу жалғасып жатыр. Түпкілікті шешімді сот қабылдайды», – деді ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

bahis Casino Siteleri Baymavi Экскурсии в Мармарисе Аренда яхт в Бодруме Аренда яхт в Мармарисе Аренда яхт в Турции экскурсия памуккале дальян экскурсия эгейские острова мармарис остров клеопатры мармарис дайвинг в мармарисе турецкая ночь Scroll Up
Close