ЖаңалықтарҚылмыс/Оқиға

Бір отбасыны ойрандаған сантехникке қатысты жаңа дерек шықты

4
(1)

Алматы қаласында үш адамды пышақтап тастаған сантехникке байланысты жаңа деректер шықты. Полиция оның бұрын да қылмыс жасап, сотталғанын анықтады.

Куәгерлердің айтуынша, сантехник сол күні пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргізуге келіпті. Кейін үй иелерімен келіспей, сөзге келген. Оқиға куәгері Оксана Феллер қанды оқиғаны көзімен көрген, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап.

«Марқұм Инна сантехник азаматты ғаламтор арқылы тапты. Бір күн бұрын шақырып, алдын ала 250 мың теңге төлемін берді. Негізі араларында ақшаға бола ұрыс болды дегенмен келіспеймін. Керісінше қаскөй бұлардан ақша ұрламақ болған. Сондықтан бәрін пышақтап тастаған», – дейді Оксана Феллер.

Өзара түсініспеушілік болған кезде қаскөй 32 жастағы қызына пышақ сұққан. Кәугердің айтуынша, қыздың денесін тіліп тастаған. Ал оған көмектеспекші болған анасы мен көршісін де жарақаттапты. Көршілерінің айтуынша, марқұм 12 жыл бойы жедел жәрдем қызметінде істеген. Қызын құтқармақ болған анасының да жағдайын дәрігерлер тым ауыр деп отыр. 35 жастағы көршісі де ауруханада жатыр.

«Науқас реанимациялық бөлімде ем алып жатыр. Жалпы жағдайы ауыр», – дейді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінің маманы Ақшолпан Жүсіпова.

Қалалық полиция департаменті, күдікті азаматтың бұрын сотты болғанын айтып отыр. Тергеу кезінде ол өз кінәсін толық мойындаған.

«Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Азамат қамауға алынды. Бұрын бұл азамат мүлікке қатысты қылмыстар жасағаны үшін істі болған», – деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қазір «адам өлтіру» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Ал мәйіт пен жарақат алған жандарға сот медициналық сараптамасы тағайындалған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close