Жаңалықтар

40-қа жуық адам билікке қатаң талап қойды

Талдықорғанда сауда үйлеріндегі бутиктердің иелері мен жалға алушылар карантинді жеңілдетіп, жұмыс істеуге рұқсат беруді талап етті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі  Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

40-қа жуық кәсіпкер санитар дәрігердің соңғы шешіміне наразылық білдірді, онда тек құрылыс материалдары мен автокөлік бөлшектерін сататын орындар ғана жұмыс істейтіні айтылған.

«Шаған», «Евразия», «Әлдибек» сауда үйлеріндегі бутиктердің иелері мен жалға алушылар,  Талдықорғандағы Арбат жабық базарындағы саудагерлер пикет ұйымдастырды. Облыстық СЭС басшылары мен қала әкімдігінің өкілдері ашуланған кәсіпкерлермен кездесті. Құқық қорғаушылар қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалады.

Талдықорғанда бутик иелері сауда үйін ашуды талап етті.

«Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Асхат Шарапиев соңғы қабылданған қаулылардың талабын түсіндірді. Жиналғандарға сондай-ақ өңірдегі коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық жағдай туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді», –  деп жазылған облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Санитар дәрігердің қаулысына енгізілген өзгертулерге сәйкес, 6 тамыздан бастап барлық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар жабылды.

Санитар дәрігер түсіндіргендей, нысандардың қожайындары әкімдіктер жанындағы бақылау топтарына сауда орнын ашуға дайын екені туралы өтініш беріп, олар бекіткен актіні алуы керек. Дайындық актісін алған нысандарға карантинді біртіндеп жеңілдету кезінде ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Кездесу барысында қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1.5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.