Жаңалықтар

Пандемия аяқталуын күтпей-ақ саяхаттауға болатын елдер

5
(1)

The Sun басылымы коронавирус пандемиясының аяқталғанын күтпей-ақ саяхаттауға болатын мемлекеттердің тізімін жариялады.

Тізімге ең танымал туристтік бағыттар мен коронавирус жұқтырғандар саны аз елдер енген.

Дәл қазір туристерге Барбадос еліне саяхаттауға болады. Бұл елде COVID-19 жұқтырғандар саны – 92. Одан кейінгі орында Багам аралдары (102 адам коронавирус жұқтырған) тұр. Мэн аралында болса COVID-19 336 адамнан табылған.

Бұған қоса Норманд аралдары (561), Мальта (625) мен Кипр (958) де тізімге енді. Аталмыш елдер шектеу шараларын жедел бастап, карантинді қатаң бақылағандықтан коронавирус инфекциясының таралуын азайтқан. Дүниежүзілік денсаулық ұйымының мәліметінше, әлем бойынша 6,779 миллион адам коронвирус жұқтырып, оның 397,3 мыңы қайтыс болған.

Дереккөз: Massaget.kz

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close